Бүгін КИнЭУ жоғары кәсіпкерлік колледжі студенттері құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған Қостанай қаласы колледждері студенттері арасындағы қалалық спартакиадаға қатысты. Спорттық іс-шара «Біз заң мен тәртіпті қолдаймыз» ұранымен өтті.
Колледж студенттері жеңіс тұғырына көтерілді:
Мария Шабаршова (1М-33Б) — 500 метрге жүгіруден 2 орын,
Шамиль Алмаганбетов (1ОПУ-53Б) — гір спортынан күміс жүлде иегері.
Арқан тарту сайысында колледж командасы тамаша нәтиже көрсетті:
Амир Зенулов (2ТМ-19Б),
Никита Корнилов (2ТМ-19Б),
Мансур Ищанов (2ТМ-19Б),
Светлана Базанова және Ирина Базанова (1ОПУ-53Б),
Жансая Сарсенбаева (1ОПУ-23Б) — және тағы да күміс.
