img

2026 жылғы 14 қазанда ТжКБ ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Байқауға Қостанай облысының 7 оқытушысы қатысып, өздерінің авторлық әдістемелері мен педагогикалық тәжірибелерін ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бектасова Алтынай Арғынгелдиновна ІІ орынға ие болды!
ёБұл марапат – кәсіби шеберліктің, шығармашылық ізденістің және білім беру үдерісін жетілдіруге деген ұмтылыстың лайықты бағасы.
Алтынай Арғынгелдиновнаны лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыстар, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз!