img

Бүгін теміржол және экономикалық пәндер ПЦК оқытушылары студенттер мен ҚТЖ қызметкерлері арасында жедел кездесу ұйымдастырды. Тікелей, еркін қарым-қатынас форматында қонақтар экономика және теміржол мамандықтарының студенттеріне еңбек өмірбаяндарын айтып берді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көп функционалды қызмет көрсету орталығы» филиалының жетекші маманы Мұрат Мирасұлы Алмағамбетов темір жолдағы есеп қызметі жұмысының қыр-сырына тоқталды.

Бәти Қанашқызы Ақмұхамбетова студенттерге жұмысты жоспарлау жиналысынан бейнеролик, станция бойынша кезекшінің жұмысының егжей-тегжейлерін көрсетті. Бұл ұйымшыл ұжым, сенімді жұмыс беруші және тұрақты жалақы.

Оқудан кейін темір жолды таңдасаңыз, қателеспейсіз.