2018 жылғы 13-желтоқсанда Астана қаласында «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ-2018» республикалық байқауының жеңімпазы болып «ҚИнЭУ колледжі» ЖМ оқытушысы Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна марапатталды.
Қазақ Елінің елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай: «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ-2018» атты республикалық байқауын «BILIM-ORKENDEY» ұлттық инновациялық зерттеу орталығы ұйымдастырды. Байқауға республикадан жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.
Байқаудың мақсаты педагогтардың инновациялық әлеуетін арттыру, тәуелсіз Қазақ Еліне деген құрметін күшейту, отансүйгіштік сезімін арттыру болып табылды. «Үздік ұстаздарды» анықтау болып табылды.
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ-2018» байқауының қорытындысы бойынша Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна төсбелгі мен куәлік, республикалық жинақ кітабы және І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Байқаудың салтанатты ресми марапаттауы Астана қаласы, Министрліктер үйінде 13-желтоқсанда, сағат: 11.00-де өтті.