«Жайдарман» ашық лигасы

img_428510.10.2016 жылдан бастап 13.10.2016 жылға дейін КВН ойынынан Ақмола облыстық ашық лигасы Көкшетау қаласында өтті. Ойынға 28 команда қатысты. Командалар Қазақстанның әр қалаларынан жиналды. Солардың ішінде: Астана, Қостанай, Көкшетау, Рудный, Егіндікөл, Степногорск, Астрахан, Целиноград, Қорғалжың.

Ақмола облысында өткен ашық лигасында командалар 3 кубок бойынша сайысқа түсті «Үздік музыкалық топ», «Ең үздік ойыншы» және «Ең үздік топ». Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің атынан сайысқа түскен топ әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Ең үздік топ» атағына ие болды және ашық лигаға қатысқаны үшін мадақтама қағазымен марапатталды. Алдағы уақытта Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің атынан сайысқа түскен топқа әділ қазылар алқасы маусымашарға ғана емес, үлкен турнирлерге шақырды.

Сойысқа түскен команда ойыншыларын КИнЭУ оқу орнының атынан құттықтаймыз. Алдағы уақытта үлкен турнирлерде жеңіске жетуіне тілектеспіз.

Добавить комментарий

Открыть чат