Биыл ұлы педагог – ағартушы, ғалым Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толды. Ұлы ұстаздың 180 жыл толуына орай 2021 жылдың 16 қараша күні «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ 1А-48кБ тобы студенттері Қостанай облыстық мемориалды музейінде саяхат өткізді.
Мақсаты – Қазақтың көрнекті ағартушы педагог жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің Қостанайдағы музей- үйімен таныстыру, жас буынның бойына патриоттық сезімді қалыптастыру және ағартушының ғұмыры туралы әнгімелеу.
Танымдық кездесу кезінде ұлы педагогтың өмірбаяні, қызметтері және құнды- жәдігерлерін таныстырды. Студенттер назарына ақынның ғылыми еңбектері, қолжазбалары туралы мәліметтер айтылды. Іс – шара соңында студенттермен пікір алмасу барысында сұрақтар қойылып, талдау жасалды.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқына сіңірген еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі екені шүбәсіз.