2016 жылы 11 қараша күні «ҚИнЭУ колледжі» жеке мекемесінде «СЕРПІН 2050» «Мәнгілік ел жастары-индустрияға» бағдараламасы бойынша 0601000 «Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығының 2 курс студенттерімен кездесу өткізілді. Ұлттық жобалар басқармасының басшысы Тобатаева Күлзия Қадырқызы және президент кеңесшісі Асқаров Талғат Төлеубайұлы колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Кездесу барысында бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Жаңа оқу жылында студеттердің шәкіртақысы өседі, тамақтануы қайтарылады, қысқы киімге бөлінетін қаражат көбейеді. Келесі оқу жылынан бастап Серпін бағдарламасының колледж түлектері жоғары оқу орындарына грантқа ие болуға, болашақта бакалавриат және магистратурада оқуларын жалғастыруға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар шетелде де оқи алады. Колледж студенттері оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру және өз жобаларымен жұмыс жасау туралы сұрақтарға жауап алды. Кездесу соңында Күлзия Қадырқызы студенттерге өз тілектерін және ұсыныстарын білдірді.