img

ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі “KIA QAZAQSTAN”ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Серіктестік аясында колледж автомобиль шығаратын зауытқа білікті мамандар дайындайды.

12 ақпанда колледж меморандумға қол қою аясында колледжге “KIA QAZAQSTAN” бас директоры Ким Де Ки, сондай-ақ басқарушы директор Глущенко Роман келді. Қонақтар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. “KIA QAZAQSTAN” бас директоры Ким Де Ки компания колледж студенттерін қолдайтынын және бірге болашақ ұрпаққа жол алатынын айтып кетті.