Колледжде «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» мерекесі күніне арналған «Жігіт сұлтаны-2022» байқауы өтті.
Байқауға біздің колледждің 1-2 курс студенттері қатысты. Барлығы 7 қатысушы болды: Шопшыбай Азамат, Туктубаев Теймур – 1ОПУ-48Б тобы, Хусаинов Ильнур, Каримов Алишер-1А-48 кБ тобы, Налужный Илья-1ПОВТ-17Б, Кужахметов Алдияр-1ТОиСТ-8Б, Шинковский Данил-2ПОВТ-15Б.
Байқауға қатысушылар визитка дайындап, зияткерлік сұрақтарға жауап беріп, өз образдарын ашып, шығармашылық қабілеттерін көрсетулері қажет болды. Барлық қатысушылар тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарады.
Байқау барысында қатысушылар ән айтып, би билеп, музыкалық аспаптарда ойнады. Жанкүйерлер байқаудың барлық кезеңдерінде өз қатысушыларын қолдады.
Байқауды білікті қазылар алқасы бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша 1 курс студенті Кужахметов Алдияр «Жігіт сұлтаны – 2022» жеңімпазы болып танылды. Алдияр 10.000 мың теңгелік сертификатпен және дипломмен марапатталды. Барлық қатысушылар грамоталармен және THERMA PARK сертификаттармен марапатталды.