«Жас ғалым – 2023»

2023 жылдың 24 ақпанында «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінде» «Жастар елдің инновациялық дамуының  факторы және ресурсы» тақырыбында «ЖАС ҒАЛЫМ-2023» халықаралық қатысумен Республикалық студенттік ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті.  

Конферецияны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің қолдауымен «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ ұйымдастырды.

«ЖАС ҒАЛЫМ-2023» халықаралық қатысумен республикалық студенттік ғылыми- тәжірибелік конференциясы Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед Қонаевтың, Мемлекеттік рәміздердің құрылғанына 30 жыл толу мерейтойларына орай өткізілді. Конференция мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік жетістіктерін насихаттау және зерттеу құзыреттілігін дамыту.

Конференция онлайн-офлайн аралас күйінде өтті. Конференцияға Қостанай облысының 26 колледжі, республикадан 18 колледж  және Ресей Федерациясының Барнаул теміржол көлігі лицейі, Орынбор теміржол көлігі техникумы қатысты.

Конференцияда 300-ден астам жоба қарастырылды. Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция мына секциялар бойынша өткізілді:

Секция 1. Информатика және ақпараттық технологиялар

Секция 2. Жастар. Техника. Прогресс.

Секция 3. Қазіргі заманғы технологияларды дамыту мәселелері мен перспективалары

Секция 4. Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері

Секция 5. Педагогика және психология

Секция 6. Start-up. Болашақ тинейджерлер көзімен   

Секция 7. Мұхтар Әуезов – дәуірдің санасы мен жаны.

Секция 8. Тамақ өнеркәсібінің замануи технологиялары.

Секция 9. Экономика және менеджмент

Студенттердің жұмысын білікті әділ-қазылар алқасы бағалады. Әділ-қазылар алқасының құрамы кіргендер: ассоциацияланған профессорлар, ғылыми кандидаттар, магистрлер А. Байтұрсынов атындағы  Қостанай өңірлік университетінің, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің, Қостанай облысы әкімдігінің Білім Баскармасының  мамандары, PhD докторы, ПШО НЗМ  білім беру бағдарламалары бөлімінің аға менеджері, «Ақ көгершін» ҚБ-нің  басшысы.

Конференция қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дипломдармен марапатталды, 60 жоба «Зерттеу жұмысы», «Қолданбалы мән», «Креативті шешім» номинациялары бойынша грамоталар ұсынылды.

 

Пікір үстеу

Открыть чат