Жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі

Колледжде он бірінші сәуірден он бесінші сәуірге дейін «Ғылым шеруі» Жалпы білім беру пәндерінің онкүндігінің бірінші аптасы өтті.

Пән апталығына 1-2 курс студенттері қатысты. Оқытушылардың әрқайсысы онкүндікті шығармашылық тұрғыдан өткізіп, өз сабақтарында және іс-шараларында стандартты емес әдістер мен технологияларды қолдануға тырысты. Әрбір сабақ пен іс-шара студенттерге түрлі конкурстарға, іс-шараларға қатысуға мүмкіндік берді, бұл, әрине, жалпы білім беретін пәндерге танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал етті.

Апта барысында оқытушылар Д. Н. Чернышов Т. В. Исмаилова, Т.В. Данченко, А. М. Әбу, В. С. Гарбузова ашық сабақтар берді. Барлық сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді, балалар белсенді қатысты.

Онкүндік кезінде өткізілген сыныптан тыс іс-шаралар : Қазақстан Ғылым күніне арналған «Қазақстан ғылымының даму эволюциясы» дөңгелек үстелі ұйымдастырған оқытушылар С. Б. Жолдыбаева, Т. Е. Аргимбаев, оқытушы С. Н. Поликарпов волейболдан бірінші курс студенттері мен балалар спорт мектебінің балалары арасында турнир өткізіді. Біздің колледждің студенттері спорт мектебінің спортшыларын жеңді., А.М. Әбу оқытушысы «Қызықты физика қалаларына саяхат» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Аталған іс-шараға 1 курс студенттері қатысты.

Оқытушы Т.В. Данченко өткізген «Бард ән кеші» танымдық және әсерлі болды , онда бірінші курс студенттері өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті, көкжиектерін кеңейтті.

Колледждің студенттік активі Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай «Махаббат поштасы» жұмысын ұйымдастырды.

Онкүндік апталығы студенттердің пәндерге деген танымдық қызығушылықтары дамығанын көрсетті, олар өздерінің зияткерлік, шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін ықыласпен көрсетті.

 

Пікір үстеу

Открыть чат