«Жұмыс берушілер күні»

Бүгін 15 қарашада ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжінде «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы аясында энергетика, машина жасау және ақпараттық технологиялар саласының әлеуметтік әріптестерімен кездесу өтті. Аталған іс-шараның бастамашысы Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі. Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына бірқатар іс-шаралар енгізілді.

Бұл колледж бойынша экскурсия – қонақтарға оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар көрсетілді, онда жұмыс беруші болашақ жұмыскерлері оқытылатын құрылғылар және жабдықтармен танысты.

Студенттер мен жұмыс берушілердің диалог алаңы, оның барысында балалар өздерінің кәсіби бағыттарына, өндірістік практикадан өтуіне, жұмысқа орналасуына, еңбекақысына қатысты сұрақтар қойды, сондай-ақ оларды кәсіпорын басшыларының жеке қасиеттері де қызықтырды.

Іс-шара соңында оқытушылар құрамымен бірлесіп «дөңгелек үстел» өткізілді, онда дуальді оқыту, академиялық еркіндік, нысаналы мемлекеттік тапсырыс мәселелері талқыланды.

Осы кездесудің қорытындысы ҚР оқу-ағарту Министрлігінің атынан әлеуметтік серіктестерге «Алғыс Хат» табысталды, сондай-ақ Қостанай облысы білім басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапаттау болды. Іс-шараға «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК, «ҚТЖ» ҰК ЖШС Қостанай «Жүк тасымалы», «Агромашхолдинг KZ» АҚ, «Кас Консалтинг» ЖШС сияқты кәсіпорындар қатысты.

Іс-шараның мақсаты-кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық.

Пікір үстеу

Открыть чат