«ҚИнЭУ Кәсіпкерлік колледжі» ЖМ оқытушысы – Данченко Татьяна Владимировна 2023 жылдың 7 сәуірінде Астана қаласында өткен «Үздік педагогтар» республикалық форумына қатысты. Форумда ғылым мен білімнің құрметті қайраткерлері сөз сөйледі.
«Білім беру ісінің құрметті мұғалімі» байқауының қорытындысы шығарылып, онда Татьяна Владимировна бірінші орынға ие болып, «Қазақстан Республикасының құрметті мұғалімі» арнайы төсбелгісімен, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Кәсіптік оқытудың құрметті мұғалімі» атағын беру туралы куәлік тапсырылды.