Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Чернышова Татьяна Александровна Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында өткен «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» облыстық байқауына сәтті қатысты. Бұл конкурсты Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинеті мен «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі» КМҚК ұйымдастырды.
Сайысқа барлығы 19 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қатысты.
Конкурс екі кезеңнен тұрды – сырттай және тікелей. Бірінші кезеңде Конкурсқа қатысушылар өздерінің «Жақсы оқытушы әрқашан аздап сиқыршы» атты медиа-визиткаларын ұсынды. Сараптамалық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша екінші кезеңге 9 педагог өтті.
Екінші кезеңде оқытушылар оқу нәтижесіне бағдарланған сабақ жоспарларын әзірлеу дағдыларын көрсетті, яғни, сабақтың үзіндісі мен шебер класс көрсетілді.
Байқау қорытындысы бойынша Чернышова Татьяна Александровна екінші орынға ие болды.
Құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз.