Ыбырай Алтынсарин атындағы І Республикалық олимпиадасындағы І орын

2020 жылдың 24 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында «Білім-Өркениеті» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Ыбырай Алтынсарин атындағы І Республикалық олимпиадасының ІІ туры өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын кеңінен насихаттау болып табылады.  Олимпиада екі кезеңнен тұрды: біріншісі-іріктеу кезеңі сырттай өткізілді, екінші кезеңде жұмыс авторлары Нұр-Сұлтан қаласына шақырылып, Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі жайында сұрақ-жауап бойынша сынға түсті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының түрлі аймағынан келген қатысушылар болды.

Бұл байқауға «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ  «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының І курс студенті Төкешов Мади және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Тавтыбаева Алия Аблаевна қатысты.

Нәтижесінде 50 қатысушы арасында Төкешов Мади І орын алып, Ыбырай Алтынсарин атындағы І Республикалық олимпиадасының І дәрежелі дипломы және төсбелгішесімен, ал жетекшісі Тавтыбаева Алия Аблаевна алғыс хат және Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталды.

Алгыс хат Тавтыбаева

Пікір үстеу

Открыть чат