Бүгін 27 Мамырда Worldskills Kostanay -2022 аймақтық чемпионаты аяқталды.
«ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ осы чемпионатқа белсенді қатысып, келесі құзыреттерде жүлделі орындарға ие болды:
– Графикалық дизайн «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында өтті, онда біздің қатысушы Калитко Евгений «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті құрметті 3 орын алды;
– CAD инженерлік графикасы «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК базасында өтті – «машина жасау технологиясы» мамандығының 2 курс студенті Тышов Даниил құрметті 3 орын алды;
– Электромонтаж «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында өтті. Біздің қатысушы «электрмен жабдықтау «мамандығының 3 курс студенті – Успанов Рустам 2 орынға ие болды.
Өңірде алғаш рет ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің базасында «Теміржол көлігінде тасымалдау үдерісін басқару» құзыреттілігі бойынша чемпионат өткізілді, онда «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының 2 курс студенті Онайбекова Мерей жеңімпаз атанды.
Біз осы чемпионаттың жеңімпаздары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!!!