16 мамыр мен 26 мамыр аралығында Қостанай облысында WorldSkills Kostanay-2022 облыстық чемпионаты басталды. 2015 жылдан бастап «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ кәсіби шеберлік WorldSkills сайысына белсенді қатысады. Биылғы жылы колледж келесі құзыреттер бойынша қатысады: Бизнеске арналған IT – шешімдер, Мобильді робототехника, CAD инженерлік графикасы, Прототиптерді дайындау, СББ бар станоктарда токарлық жұмыстар, Электромонтаж, Теміржол көлігінде тасымалдау процесін басқару, Электроника, Графикалық дизайн.
23-24 мамырында колледж базасында алғаш рет «Теміржол көлігінде тасымалдау үдерісін басқару» құзыреттілігі бойынша чемпионат өткізіледі.
Барлық қатысушылар мен сарапшыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!!!