23 мамырда ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінде «теміржол көлігінде тасымалдау үдерісін басқару» құзыреті бойынша WorldSkills-Kostanay аймақтық чемпионаты басталды. Іс-шара колледж директоры А.И. Казаковтың чемпионат қатысушылары мен сарапшыларының салтанатты құттықтауымен басталды. Құзыреттілік Қостанай облысында алғаш рет ұсынылған. Қатысушылар: ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі, Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі. Сондай – ақ, Қостанай бөлімшесі ЖТ «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының техникалық бөлімінің бастығы – Абенова Рахима Фазыловна, Қостанай бөлімшесі ЖТ «ҚТЖ – Жүк тасымалы » ЖШС филиалының логистика және тасымалдауды ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары – Дюсекев Кеңес Дулатович қатысты.
Бірінші күні бас сарапшы Б.А. Мұратов чемпионатты өткізу ережелерімен және қатысушыларды байқау алаңымен таныстырды.
Чемпионаттың екінші күні төрт модуль бойынша тапсырмаларды орындаудан басталды.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен табыс тілейміз!