Біздің колледж студенттері 28.09-02.10.2020 аралығында Worldskills Kostanay – 2020 өңірлік чемпионатына сәтті қатысты. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті – Агеев Владислав «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» базасында өткен «Веб-дизайн» құзыреттілігіне қатысты. Worldskills Kostanay -2020 өңірлік чемпионатының қорытындысы бойынша Владислав құрметті 3- орынды иеленді. Сондай-ақ, «Қостанай тұрмыстық сервис колледжі» ҚМКК базасында өткізілген «Электроника» құзыреттілігі бойынша «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті – Петля Денис құрметті 3 – орынды иеленді. Балалар мен олардың жетекшілеріГ.К.Пятинжәне М. А. Абылкановты жеңісімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта табыс тілейміз.