Волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған республикалық грант

Біздің өңірдің балалары 4 қыркүйектен бастап 19 қыркүйекке дейін өткен «Ашық жүрек» жалпыұлттық жобасына қатысты. Олардың үшеуі волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттардың иегерлері атанды.
Солардың бірі – «Жылутехникалық жабдық және жылумен жабдықтау жүйелері» мамандығының 3 курс студенті Оспанова Ардақ. Ардақ «Тарихи квест» жобасын іске қосуды жоспарлап отыр, жоба өскелең ұрпаққа туған өлке туралы ой-өрісті зерттеуге және кеңейтуге көмектесуге бағытталған.
Екінші жеңімпаз-колледжіміздің «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығының түлегі Абильпанова Жания. Жанияның жобасы қыздардың өз-өздерін қорғауына бағытталған. Жанияның өзі «Киокушинкай каратэ» бойынша қоңыр белдік иесі, сондықтан ол өзі сабақ беріп және кәсіби жаттықтырушыларды да қатыстыруды жоспарлауда.
Балалардың үйлестірушілері ретінде «KINEU STARTUP ACADEMY» жетекшісі – Мнайдаров Дамир, сондай – ақ «Қазақстан Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы-Ильясова Ботагоз болып табылады.

Пікір үстеу

Открыть чат