
Муратов Бекнур Абсатович
Механикалық-технологиялық бөлімнің меңгерушіс
Shalkar_29@mail.ru
07140700 «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»
Темір жол көлігіндегі сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсете алатын электр механиктерін дайындайды
Біліктілігі: Электромеханик
Электромеханиктің кәсіби қызметінің объектілері:
- сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау объектілерінің электр және электр механикалық жабдығы;
- темір жол автоматикасы мен телемеханиканың негізгі аппаратурасын монтаждау, баптау, диагностикалау, пайдалану және жөндеу;
- қажетті өзгерістер жасау, персонал жұмысының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету.
Электромеханиктің кәсіби қызмет түрлері:
- қызмет көрсетілетін құрылғылар мен жабдықтардың жарамды жай-күйін, авариясыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
- технологиялық процеске сәйкес объектілердің, жабдықтардың, тораптардың, бөлшектердің, материалдардың жай-күйін диагностикалауды және бақылауды жүзеге асыру;
- автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларын тексеру, баптау және реттеу.
- барлық тораптардың, бөлшектердің және схемалардың техникалық жай-күйін диагностикалау және бақылау;
Білуі тиіс: автоматика жүйелерімен станциялар мен аралықтар жабдықтарының пайдалану-техникалық негіздері
СОБ құрылғыларын және темір жол автоматикасы жүйелерін, электр қоректендіру аппаратурасын және СОБ желілік құрылғыларын монтаждау және баптау тәсілдері.
Қолдана білу керек: Автоматиканың станциялық және айдау құрылғыларының принципті сұлбаларын оқу;
Темір жол автоматикасы құрылғыларына, электрмен қоректендіру аппаратурасына және желілік құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша негізгі жұмыс түрлерін орындау.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
11 сынып негізінде-2 жыл 10 ай

Бөлімдерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шаралары
- Пәндік-циклдік пәндер декадасы: темір жол пәндері, экономикалық пәндер, жаратылыстану-математикалық пәндер, гуманитарлық пәндер, техникалық, ақпараттық және т.б.
- «Мамандық бойынша үздік » байқауы
- Жас ғалым-2018 «конференциясына қатысу»
- StartUp жобаларға қатысу
- Республикалық, қалалық байқауларға қатысу
- Мұғалімдер күні
- ҚР Тәуелсіздік күні
- Наурыз
- Дипломдарды табыстау рәсімі
- Студенттер қатарына қабылдау
- 1Студенттік дебютке қатысу
- Бірінші курс студенттері спартакиадасына қатысу