22 қыркүйек күні «Таза бейсенбілік» акциясы аясында «Ашық жүрек» клубының волонтерлері мен колледж студенттері КИнЭУ атындағы саяжолды тазалауға шықты.
1ЭКС-1Б және 1УА-19 топ студенттерінің күш-жігерімен педагог-психолог Галиева Ж.М. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аргимбаева Т.Е. жетекшілігімен саяжол аумағы гүлдене келді. Қажетті құрал-жабдықтармен жинақталған студенттер бөлінген аумақты ретке келтірді: аумақтан былтырғы жапырақтарды, құрғақ бұтақтарды, қоқыстарды жинады. Бұл жұмыс қиынға соққанымен, студенттер бір-бірімен көңілді уақыт өткізуді ұнатты.