15 желтоқсан күні колледжде Тәуелсіздік мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Шаяхметов Амангелді Болатұлы мен колледж директоры Анатолий Иванович Казаковтың құттықтау сөзімен басталды.
Адал еңбегі үшін және Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тшанов Жанат Маратұлы «Халық алғысы» медалімен, директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арғымбаев Темірлан Ерланұлы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, механикалық-технологиялық бөлімінің меңгерушісі Мұхамедова Сауле Маралқызы Білім басқармасының грамотасымен марапатталды, сонымен қатар келесі оқытушылар колледж президентінің және директорының грамоталарымен марапатталды: Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна, Картабаева Куляш Мирашевна, Дәрібаева Сәуле Ахметқызы, Шиндавлетов Артем Салимович, Амергужина Марьяш Есембаевна, Саулембеков Серик Еркебаевич, Сарсембаев Бутан Мендыбаевич, Поликарпов Сергей Николаевич, Илькенов Маулен Сарсенбаевич, Пятин Георгий Константинович, Сатубалдин Калжан Ерназарович, Смағулов Бегайдар Зарылханұлы, Солонская Богдана Валерьевна.
Қазақстан Республикасының 100 үздік студенттерінің Республикалық байқауына, «Мен кәсіпкермін» Гранд турниріне нәтижелі қатысқаны үшін студенттер дипломмен және «Спорт шебері» сыйлық сертификатымен марапатталды: Оспанова Ардақ, Бимағамбетова Амина, Бурштын Ангелина және Тыщенко Илья. Колледждің қоғамдық өмірінде ерекше көзге түскен студенттер де грамоталармен марапатталды.
Колледж студенттері қызықты бағдарлама дайындады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған сахналық қойылымды атап өткен жөн. Қойылымды 1ОПУ-48Б тобының кураторы А.А.Бектасова дайындады.
1 және 2 курс студенттерінің орындауындағы шығармашылық, би қоспасы залды дүркіретіп ду қол шапалақпен қарсы алды. Жиналғандар тарих пәнінің мұғалімі Исакова Асель Маратқызы мен 1 курс студенттерінің орындауындағы «Қазақстан жері» музыкалық композициясын зор ықыласпен қарсы алды.
1А-48кБ тобының «Атамекен» әнімен өнер көрсетуі көрермендерді бірге өнер көрсетуге шабыттандырды.
Мерекелік шара қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бектасова Алтынай Арғынкелдіқызы мен 2 курс студенті Кажанова Гүлзаттың орындауындағы сазды композициямен аяқталды.