«Сырбайдың сырлы әлемі»

19 қыркүйек күні колледжімізде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеті бөлімі ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған атты іс-шара өткізді. Студенттер назарына Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қорынан баспа материалдары ұсынылды.

Шараға қостанайлық ақын, журналист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов қатысты. Ол Сырбай Мәуленовпен жүзбе-жүз кездескені туралы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Студенттеріміз Сырбай Мәуленовтің шығармаларын оқып, сұрақтар қойды, жазушының шығармашығына деген шынайы қызығушылықтарын танытты.

Кездесу жанға жайлы достық ахуалда өтті, ұйымдастырушылар алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істей беретіндеріне сенім білдірді.

Пікір үстеу

Открыть чат