«Ұстаздар күні»

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаздың еңбегін бағалай білуіміз қажет. Ағарту майданында еңбегі сіңген олар – өмірлік ұстаздар. Осы керемет мерекеге орай 30 қыркүйек күні колледж студенттері ұстаздарымызға арнап іс-шара ұйымдастырды. Бұл күні ардагер ұстаздарымызды да ұмытпай, арнайы шақырып, құрметпен қарсы алып, көңіл-күйлерін көтерді. Шәкірттері қандай керемет кеш ұйымдастырғанын көріп тіпті көз жасын алғандар да болды.

Және де колледжіміздің басшысы ұстаздарды түрлі жетістіктері үшін марапаттау рәсімін өткізді.

Ұстаз – ол балаға білім нәрін себетін, ақылын айтып, ілім үйрететін асыл жан. Ұстаздан аларымыз, үйренеріміз көп. Ұстаздың сөзін ұғыну – біздің міндетіміз.

Пікір үстеу

Открыть чат