Спорт лигасы, жеке оқу орындары арасында

14 мамырдан 28 мамырға дейін жеке оқу орындары арасында спорт лигасы өтеді. Аталған іс-шараның мақсаты: дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Спорт лигасына келесі оқу орындары қатысты: ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі, Зерек колледжі, Қостанай гуманитарлық колледжі, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі, Қостанай жоғары экономикалық колледжі.
Біздің колледж базасында үстел теннисі, оқушылар арасында волейболдан (қыздар, ұлдар) біріншілік өтті.
Волейболдан біздің колледждің жасөспірімдер командасы 1 орын алды. Құттықтаймыз! Алдағы жеңістер тілейміз!

Пікір үстеу

Открыть чат