11.04.-12.04 ҚИнЭУ базасында жас шығармашыл кәсіпкерлерге арналған «Шеберлер территориясы» атты облыстық фестивалі өтті.
Фестивальге колледж және университет студенттері қатысты. Фестиваль екі кезеңде өтті.
Бірінші күні студенттер өз ауласын, ауданын, қаласын абаттандырудың жолдарын ойластырды. Екінші күні ашық алаңда кәсіпкерлер студенттерге шығармашылық салаларда шағын бизнес құруға көмектесті.
Фестивальдің финалистері колледж студенттері болды: Туктубаев Теймур, Абдрахманов Аманжол, Бирюкова Анастасия, Кимлач Алина, Евтюнин Кирил, Никогосян Нарек, Асуев Роман, Шевчук Арианна, Андрасович Лидия, Коваленко Александра. Олар Big IdeasCamp жазғы кәсіпкерлік мектебіне қатысу үшін оқу ақысын, тұру мен тамақтануды, жол жүру шығындарын өтейтін 100% грант алды.