11 наурызда колледж студенттері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған» Табыс жолы 2022:Білім.Ғылым.Кәсіп»атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Конференцияның мақсаты- ТжКББ ұйымы студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметінің шығармашылық бастамаларын өзектендіру.
Конференцияның міндеті: студенттердің шығармашылық бастамаларын қолдау; ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибесін тарату; студенттік ортада зерттеу қызметінің мәртебесін арттыру және қолдау; студенттердің ғылыми және шығармашылық белсенділігін дамыту.
Конференцияға келесі студенттер қатысты: Попова Ева 1ПОВТ-17Бтобы, Чингинин Дастан 1ОПУ-48Бтобы, Чижевская В 1Э-20Б тобы, Бейлов А 3Э-19Б тобы, Рамазанова Галина 3С-26 тобы, Кушебаев Алмат 1ПОВТ-14Б тобы, Тышов Данил 2ТМ-11 тобы.Жұмыстың тезистері конференция материалдарының жинағында жарияланады.
Конференция қорытындысы бойынша 3 – орын Бейлов Андрейге берілді»Биогаздағы газ генераторларын қолдану арқылы электр энергиясын үнемдеу» жобасы-жетекшісі Шиндавлетов А. С.
Құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз.