25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл негізінен елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.
Республика күні-мемлекеттілікті бейнелейтін мереке. Балаларды жас кезінен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды.
Сондықтан да республика күнін мерекелеу аясында біздің колледж осы айтулы күнге арналған бірқатар іс-шаралар өткізді, атап айтқанда: «Республика күні» тақырыбы бойынша кураторлық сағаттар, еріктілер арасында пікірталас турнирі, » Мен-патриотпын!», «Қазақстан-менің арманым» эссе байқауы,»Атамекен» диктанты, 1 курс топтары арасындағы плакаттар байқауы, және, әрине, концерттік бағдарлама. Біздің колледж студенттері осы іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысты. Біз балаларда өз еліне деген сүйіспеншілікті, тарихымызды құрметтеуді және патриотизм сезімін тәрбиелеу қажет деп санаймыз.
Біздің еліміздің тәуелсіздігі осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта бұл мереке тәуелсіздікті насихаттауға және нығайтуға өз үлесін қосады деп үміттенеміз.