
Исмуратова Рита Баглановна
«ҚИнЭУ колледжі» ЖМ президенті
Сіздер «ҚИнЭУ колледжі» ЖМ колледжінің сайтына қош келдіңіз, бұнда сіздер біздің оқу орны туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыздар.
Кәсіпті таңдау әр адамның өміріндегі маңызды және шешуші қадам болып табылады. Ал дұрыс шешім бүгінгі күні болашақтағы маман және табысты тұлға болуға мүмкіндік береді.
Біздің колледж – бүгінгі күні қажетті дағдылар мен құзыреттілікке ие, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға бағытталған оқу орны.
Мамандарды дайындауды тәжірибесі мол, жұмысқа қызығушылықпен, шығармашылықпен қарайтын оқытушылардың кәсіби командасы жүзеге асырады. Біздің колледждің күшті материалдық-техникалық базасы бар,Қостанай облысындағы ең үздіктердің бірі. Осының барлығы біздің студенттерге сапалы білім алуға мүмкіндік береді.
Басты міндет- оқу болғаныменколледжде студентттердің өмірі өте бай. Өйткені, студенттік уақыт – өмірдің үздік шақтарының бірі. Бізде вокал студиясы, би студиясы, пікірталас клубы(дебат) және түрлі спорт секциялары бар.
«ҚИнЭУ колледжі» ЖМ жекекәсіпкерліктің айрықша ерекшеліктерінің бірі – бизнес-білімге назар аудару. Негізгі мамандықтан бөлек, біздің әрбір студент бизнесті жүргізудің негізін алады. Осындай мақсатпен Қостанай облысындағы алғашқы коворкинг орталығы – жаңа идеяларды жасау және шығармашылыққа арналған алаң ашылды, ал колледж студенттері әртүрлі мастер-кластар мен стартап-конкурстарға үнемі қатысады.
«ҚИнЭУ колледжі» жеке мекемесінеқош келдіңіздер! Біздің білім беру мекемеміз толық сеніммен табысты, перспективалы және лайықты болашақ үшін бастау алаңы деп атауға болады!