Қорлауға жол жоқ!

12.01.2023 күні біздің колледжде қорлау тақырыбында профилактикалық іс-шаралар өтті, атап айтқанда, колледж корпусында бейнероликтер көрсетілді, жастар ортасында қорлаудың алдын алу бойынша дәріс оқытылды, қорлау жағдайларының алдын алу және сенім телефондары туралы кеңестері бар колледж стендіне ақпарат орналастырылды.

Қорлау – бұл зорлық-зомбылық сипаттағы жүйелі әрекеттер, қудалау және қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған, сол сияқты бұқаралық ақпарат құралдарын және телекоммуникация желілерін (кибербуллинг) пайдалану арқылы немесе жария түрде жасалған әрекеттер.

         Мұндай жүйелі түрде өткізілетін профилактикалық іс-шаралар жастардың тәрбиесіне жемісті әсер етеді.

Пікір үстеу

Открыть чат