2021 жылдың 26 ақпанында колледжде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жас ғалым KST» жобасын іске асыру аясында дәстүрлі ХІІІ облыстық «Жас ғалым-2021» студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Биыл конференция онлайн форматта өтті. Конференцияның мақсаты-студенттердің ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік жетістіктерін насихаттау және зерттеу құзыреттілігін дамыту.
Конференция 7 секция бойынша өтті:
Секция 1. Информатика және ақпараттық технологиялар
Секция 2. Техника және технологиялар
Секция 3. Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері
Секция 4. Педагогика және психология
Секция 5. Кәсіпкерлік және менеджмент
Секция 6. Ы. Алтынсарин- аса көрнекті ағартушы, қазақ зайырлы білімінің негізін қалаушы
Секция 7. Тәуелсіздік дәуірі: Қазақстан тарихындағы жаңа кезең.
Қазіргі Қазақстанның ең өзекті тақырыптары қозғалды. Қазылар алқасының құрамында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің мамандары, ғылым кандидаттары, PhD докторлары, магистрлер жұмыс істеді.
Конференция жұмысына Қостанай облысының 28 колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Үздік жұмыстар грамота және дипломдармен марапатталды.
Қазылар алқасының барлық мүшелеріне қажырлы еңбегі үшін шексіз алғыс білдіреміз. Облысымыздың ең үздік студенттері ұсынған 180-нен астам жоба тыңдалды.
2021 жыл атаулы күндермен есте қалады. Осы даталардың барлығын біз ғылыми-тәжірибелік конференцияға енгізуге тырыстық, атап айтқанда: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы». Әр секция ерекше және қызықты болды.