2022 жылдың 31 қаңтарында мультимедиялық жобалардың облыстық фестивалі басталды. Фестиваль екі кезеңнен тұрды: 1 кезең шығармашылық жұмыстардың конкурстық іріктеуі болды, оның қорытындысы бойынша үздік жұмыстардың авторлары екінші күндізгі кезеңге қатысуға шақырылады. Бұл фестивальға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
Қатысушылар келесі номинацияларда өз күштерін сынап көрді:
1.Үш өлшемді және екі өлшемді анимация және модельдеу; 2. 5-7 сынып оқушыларына арналған электронды презентациялар; 3. Компьютерлік фильмдер; 4. Визуалды бағдарламалау; 5. Веб-дизайн. 6. Web-бағдарламалау.
Біздің колледж қатысып және өз күштерін тексеру мүмкіндігін жіберіп алмады. Бұл фестивальде колледж атынан 2ПОВТ-15Б тобының 2 курс студенті Мельникова Алена қатысып екінші кезеңге «Визуалды бағдарламалау» жобасы бойынша өтті – жетекшісі Дәрібаева С. А.
Мамырдың 24 күні Облыстық мультимедиялық жобалар фестивалінің екінші кезеңі өтеді.
Аленаға жаңа жеңістер тілейміз!