Колледж студенттері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Облыстық еріктілер форумына-2022» белсенді қатысты. Форумды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинеті және ЖМ «ЗЕРЕК колледжі» ұйымдастырды.
«Ashyq Jurek» колледж еріктілерінің бірлестігі өз жұмысын келесі бағыттарда көрсетті: балаларға, ҰОС ардагерлеріне, қарт кісілерге көмек көрсету, сондай-ақ үйсіз жануарларға көмек көрсету. Колледж еріктілері Қостанай облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.