Облыстық «Әдістемелік Тандем» байқауы

4 мамыр күні Қостанай педагогикалық колледжі базасында облыстық «Әдістемелік Тандем» байқауының екінші кезеңі өтті. Екінші кезеңде 13 колледж өз бағдарламаларын ұсынды. Екінші кезең екі сайыстан тұрды: визитка және тәлімгерлік бағдарламасын ұсыну.

Біздің әдістемелік тандемді біздің колледждің әдіскері Жолдыбаева Сауле Батырхаировна және жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Данченко Татьяна Владимировна ұсынды.

Біздің тандемнің өнерін топ қолдады: Мамитанова Лаззат Калижанова, Исакова Асель Маратовна, Аргимбаев Темирлан Ерланович және колледж студенттері Түгел Ельдар мен Шинковский Данил.

Байқаудың қазылар алқасына қатысушылардың шығармашылық, креативті, әр түрлі өнерін бағалау қиын болды.

Байқау қорытындысы бойынша біздің әдістемелік тандем «Тәжірибе және болашақ»номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Пікір үстеу

Открыть чат