Оқу процесін жалпы жоспарлау нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Колледжде оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Оқу сабақтары басталғанға дейін оқу процесінің кестесі, оқу сабақтарының кестесі жасалады. Оқу процесін тұрақты бақылау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әкімшіліктің колледж бойынша кезекшілік кестесін әзірлейді. Сабақ кестесі студенттер үшін қол жетімді. Бұл кесте тақтасы арқылы қамтамасыз етіледі. Студенттермен сабақтар келесі негізгі түрлер бойынша өткізіледі:

  • теориялық сабақтар;

  • тәжірибелік сабақтар;

  • зертханалық жұмыстар;

  • бақылау жұмысы;

  • кеңес беру;

  • сынақтар, емтихандар;

  • курстық жұмыстар, жобалар;

  • дипломдық жобалар;

  • оқу және өндірістік тәжірибе;

  • өздік жұмыс;

  • студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы.

Оқытушылар теориялық, тәжірибелік сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізеді, педагогикалық жүктемені жоспарлауға сәйкес дипломдық жобаларды басқаруға қатысады. Тиімді ақпарат алмасу үшін сынақ-емтихан сессиясына шығарылатын мамандықтар мен пәндер топтары, емтихандар кестесі көрсетілген стендтер жасалған. Курстық жұмыс (жоба) студенттердің дағдыларын бағалау және тиісті пән бойынша білім, білік, дағдыларды бекіту мақсатында жүргізіледі.

Курстық жұмыстарды (жобаларды) ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарын тиісті циклдық комиссиялар мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

курстық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптарын бекіту;

курстық жұмыстарға (жобаларға) тапсырмалар дайындау.

Курстық жұмыстар (жобалар) кесте бойынша қорғалады және өткізіледі.

Теориялық оқытудың күндізгі түрі кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағат, ол міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл көрсетілген сағат көлеміне факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді). Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып 1 шілдеге дейін аяқталады.

Барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау өткізу көзделеді, оның негізгі түрлері: бақылау жұмысы, сынақ, емтихан болып табылады.

Кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін білім алушының дайындық деңгейін бағалау үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша емтихан тапсыруды, дипломдық жобаны орындау мен қорғауды қамтиды.