Колледжде Наурыз мейрамының мерекелік апталығы басталды. Осы апта ішінде келесі іс-шаралар өткізіледі: «Наурыз айы туғанда» суреттер көрмесі, «Наурыз көже» фестивалі, қайырымдылық жәрмеңкесі, «Наурыз келді еліме, Наурыз келді жұртыма» жалпыколледждік іс-шара , ұлттық ойындар, «Наурызнама» викторинасы.
14 наурызда «Көрісу күні» – құттықтау күні атап өтіледі . Бұл күні бір-біріне қонаққа барып және көктемнің келуімен құттықтайды.
Біздің колледжде бұл күн назардан тыс қалмады, фотосессия ұйымдастырды.