«Наурыз келді еліме, Наурыз келді жеріме»

Қазақстанда Наурыз мерекесі-көктемнің келуіне арналған мереке. Наурыз мерекесі біздің колледжде де жалғасуда.

Бүгін «Наурыз келді еліме, Наурыз келді жеріме» атты жалпы колледждік іс-шара өтті. Бұл күн студенттер мен оқытушылардың басын қосып, жылдың ең жарқын оқиғаларының бірі болды.

Мерекелік бағдарламаны колледж директоры Казаков Анатолий Иванович ашты.

Механика-технологиялық бөлімінің меңгерушісі Мухамедова Сауле Маратовна топ кураторларымен және студенттермен бірге мерекелік бағдарлама дайындады.

Қазақ халқында үлкендерге құрмет көрсетіп, олардың батасын алу дәстүрге айналған. Біздің іс-шара Қыдыр атаның батасымен басталды.

Ал бағдарлама қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін, әндерін, билерін көрсетуден тұрды. Осылайша, 2ОПУ-45кБ тобы «қыз үзату«, 1ОПУ-48Б тобы – «Сыңсу», 1А-48кБ «Құйрық бауыр», «Төс қағыстыру» рәсімдерін көрсетті. Құзыретті қазылар алқасы топтардың өнерін бағалады. Қазылар алқасының шешімі бойынша 1А-48кБ тобына куратор Смағұлов Б. З., 1ОПУ-48Б тобына куратор Бектасова А.А., 2ОПУ-45кБ тобына куратор Тавтыбаева А. А., 1УА-18 тобына- «Тұсау кесер» – куратор Данченко Т. В. мадақтамамен марапатталды.

Бүгінгі мереке жылы және өте жайлы болды. Ешкім шетте қалған жоқ. Мереке қонақтары колледж әкімшілігі мен оқытушылары болды. Бір-біріне жылы лебіздер айтылып, бақыт, қуаныш, жақсылық және молшылық тілектері айтылды.

Наурыз мерекесі ұлттық дәстүрлерге сай және қызықты, көңілді өтті.

 

Пікір үстеу

Открыть чат