Миссия – еліміздің және аймақты ңинновациялық даму қажеттіліктерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті және еңбек нарығында талап етілетін кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар мамандарды дайындау.

Мақсат – Қазақстан және халықаралық кеңістікте стейкхолдерлер талаптарына сай келетін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау саласында сапалы білім беру қызметтерін көрсететін танылған колледж болу.

Стратегиялық мақсат – маман ретінде ұлттық және халықаралық стандарттар деңгейінде кәсіби дағдыларға ие болатын қолжетімді сапалы білім алу.

Стратегиялық міндеттер:

  • Педагогикалық кадрлардың сапалы өсуін қамтамасыз ету.
  • Педагогикалық кадрлардың біліктілігін шетелдік орталықтарда арттыру.
  • Мүдделі тараптардың серіктестік қарым-қатынастарын дамыту.
  • Стейкхолдерлердің талаптарын қанағаттандыратын бірнеше біліктілікті меңгеру.
  • Жұмысшы мамандықтар бойынша курстық дайындықтар мен қайта даярлауды жүзеге асыру.
  • Жастар әлеуетін стартаптарға қатысу арқылы жүзеге арттыру.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың белсенді қолданылуы.