Бүгін, яғни 5 қараша күні белгілі қоғам қайраткері, жазушы, публицист, «Алаш Орда» Үкіметі мен Қазақстанның ұлт-азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі, сондай-ақ, біздің жерлесіміз Міржақып Дулатовтың
135 жылдығына арналған «Міржақып Дулатов тағзымына арналып отырғызылған көшеттер» экологиялық акциясы өтті.
Акцияға тек колледж оқытушылары мен студенттері ғана емес, сонымен қатар атамыздың есімін мақтанышпен алып жүрген университет оқытушылары мен еріктілері қатысты. Акция Міржақып Дулатов атындағы ҚИнЭУ аллеясында өтті.
Бұл акция өз өмірін Отанына қызмет ету ісіне және өз халқының бостандығына арнаған көрнекті адамды еске алуға арналған іс-шаралардың бірі болып табылды.