«Мен өмірді таңдаймын» акциясы

9 қыркүйек күні колледж қабырғасында Денсаулық күніне арналған іс-шарада «Ашық жүрек» волонтерлық клубының мүшелері педагог-психолог Галиева Ж.М. бірге салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Мен өмірді таңдаймын» акциясын өткізді.

Акция барысында волонтерлар салауатты өмір салты тақырыбындағы түрлі буклеттер мен жадынамалар таратты, сонымен қатар студенттер, оқытушылар және колледж әкімшілігі зиянды және жақсы әдеттер, спорт түрлерін білу және темекі шегудің зияны туралы түрлі кластерлерді толтырды.

Сонымен қатар, студенттер салауатты өмір салтына қатысты сұрақтарды білу мақсатында сұхбаттан өтті, осы сұрақтарға сәтті жауап бергендері үшін әртүрлі бонустарға ие болды.

Колледжде бұл акцияны тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.

Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағының кепілі!

Пікір үстеу

Открыть чат