«Мен – кәсіпкермін»

Колледжде28.02-04.03 аралығында «Мен – кәсіпкермін» Start-up,бизнес идеялар, жобалар байқауының бірінші кезеңі өтті.

Конкурстың мақсаты білім алушылардың өмір сапасы стандарттарын дамытуға және белсенді өмірлік ұстанымдарын тәрбиелеуге бағытталған бизнес идеяларын, жобалық бастамаларын қолдау.

Байқауға келесі студенттер қатысты: Бимагамбетова Амина «Саңырауқұлақ өсіру» жобасымен, Есімсеит Алихан –«Семсерлесу клубы», Жумарова Дарина –«Құлпынай өсіру» жобасымен. Ұсынылған жобалар қызықты болды. Құзыретті қазылар алқасы жобаларды қорғау нәтижелері бойынша Есімсеит Алиханның–«Семсерлесу клубы» жұмысын атап өтті. Бұл жоба облыстық Start-up және бизнес-жобалар байқауына қатысу үшін таңдалды.

 

Пікір үстеу

Открыть чат