Математика және физика бойынша халықаралық олимпиада

Халықаралық ынтымақтастық аясында, колледж жыл сайын Барнаул темір жол көлігі лицейінің ұйымдастыруымен математика және физика пәндері бойынша өлкелік олимпиадаға қатысады.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды және талантты жастарды анықтау, математика және физика пәндерін тереңдетіп оқытуға қызығушылықты арттыру, кәсіби білім сапасын арттыру.

Олимпиаданың жұмысына тәуелсіз бақылаушылар қатысты. Біздің колледжде тәуелсіз бақылаушы ретінде Қостанай автомобиль көлігі колледжінің әдіскері Шудабаева Жанар Жұмабайқызы болды. Математика пәні бойынша олимпиадаға 1ПОВТ-19Б тобының студенттері Шипилов Данил, Қасқарбаев Алишер, физика пәнінен Чернов Евгений қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Шипилов Данил 3-орын иеленді, қалған жігіттер сертификаттарға ие болды.

Құттықтаймыз! Сізге жаңа жеңістер тілейміз!

Пікір үстеу

Открыть чат