13.04.2023 ж. «КИнЭУ Кәсіпкерлік колледжінің» қабылдау комиссиясының хатшысы Собарь В.А. колледж студенттерін тарта отырып, Қостанай қаласындағы «Жастар сарайы» мәдениет үйінде Қостанай облысындағы мектептердің 9 және 11-сынып оқушылары үшін «Мамандығым – менің болашағым» атты кәсіптік бағдар беру конференциясы аясында жауапты мамандармен кездесуге қатысты.
Іс-шара Қостанайдағы ТжКБ оқу орындарының (Қостанай политехникалық жоғары колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай индустриалды педагогикалық колледжі, Қазтұтынуодағы Қостанай экономикалық колледжі, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі) шақыруымен өткізілді.
Форум барысында мектеп түлектерін оқу орнымыздың мамандықтарымен, оқуға қабылдау ережелерімен және оқу шарттарымен таныстыру мақсатында Prof-платформасы ұйымдастырылды. Шара барысында мектеп түлектеріне кітапшалар мен түрлі-түсті жарнамалық буклеттер таратылды.