«Мамандықтар әлемі» кәсіби бағдар беру форумы

Бүгін 27.04.2022 ж. Федоров ауданы мектептерінің түлектері үшін «Мамандықтар әлемі» кәсіби бағдар беру форумын өткізу аясында колледж студенттерін тарта отырып, кәсіпкерлік колледжі мен ҚИнЭУ университеті оқытушыларының Федоровка кентінің «JASTAR» аудандық мәдениет үйіне баруы ұйымдастырылды.

Іс-шара Қостанай ТжКБ оқу орындарының (Қостанай жоғары политехникалық колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі, Қостанай экономикалық колледжі, Қостанай тұрмыстық сервис колледжі, Федоров ауыл шаруашылығы колледжі) және Федоров ауданы әкімшілігі бөлімінің шақыруымен өткізілді.

Форум барысында Prof-алаң ұйымдастырылып, ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің оқытушысы Ворона Н.Б. мектеп түлектерін біздің оқу орнымыздың мамандықтарымен, оқуға түсу ережелерімен және оқу шарттарымен таныстырды.

Сондай-ақ, оқу ақысы мен жатақханаға ақы төлеу, оқуға жеңілдіктер, гранттар және басқа да көптеген мәселелер қозғалды. Іс-шара барысында мектеп түлектеріне брошюралар мен түрлі-түсті жарнамалық буклеттер таратылды

Пікір үстеу

Открыть чат