Теміржол пәндері онкүндігінің өткізілуін біздің аймақтың қала құрушы кәсіпорнына айналған теміржол көлігінің мұражайынан бастау туралы шешім қабылданды.
Экскурсия жүргізуші Кожимуратов Мырзагали Исмагулович бізге Қостанай облысы теміржол көлігінің бірегей мұражайы тарихымен танысуға көмектесті.
Экскурсияның алғашқы минутынан бастап бізге мұражай тарихы әңгімеленіп, экспонаттары көрсетілді. Бүгінгі таңда мұражайда Қостанай темір жолының даму тарихы, оның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың есімдері, еңбегімен қоса, екі мыңнан астам экспонаттар орналастырылған.
Бейнеэкскурсияны сайттан және колледждің Инстаграм ресми парақшасынан көруге болады. Бейне 8 -19 ақпан аралығында болатын теміржол пәндерінің онкүндігі өткізілу кезінде қолжетімді болады.