2022 жылдың 3 қарашасында біздің колледжде «Күзгі бал – 2022» атты салтанатты бал өтті. Іс-шара қатысушылардың салтанатты вальсімен ашылды. 4 жұп қатысты, атап айтқанда №1 жұп Сәлімжанова Арайлым 1опу-49кБ және Кужахметов Алдияр 2тоист-8Б, №2 жұп Андрасович Лидия 2опу-48Б және Дасанов Никита 1тм-15, №3 жұп Мауль Александра 1уа-19 және Смотров Даниил 1ПОВТ-20Б, №4 жұп Попович Виолетта 1уа-19 және Барыкин Данил 1тм-15 студенттері.
Байқау 3 кезеңде өтті: таныстыру, зияткерлік ойын және шығармашылық нөмір. Жұптар өздерінің қабілеттері мен таланттарын жоғары деңгейде көрсетті. Ойын нәтижесінде Попович Виолетта мен Барыкин Данил патша мен патшайымы болды. «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясында №2 жұп, «Дизайнерлік шешім» номинациясында №3 жұп, «Үздік әртіс» номинациясында №1 жұп, «Ең креативті және шығармашыл жұп» номинациясында №4 жұп жеңіп алды. Байқау соңында өткен жылдың патша мен патшайымы өз тәждерін жаңа патша мен патшайымға салтанатты түрде тапсырды.
Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді, ал жеңіске жеткен жұп «Marwin» дүкеніне сертификат алды. Құттықтаймыз!