28-ші ақпан күні кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында колледж оқытушылары А.М. Горький атындағы мектеп -гимназиясынажәне №29 жалпы білім беретін мектепке барды.
Жұмыс барысында тоғызыншы, он бірінші сыныптар қамтылды. Мектеп оқушыларымен мамандықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқуға қабылдау ережелері, құжаттарды қабылдау, бейнероликтер және колледж туралы презентация көрсетілді.
Мектеп түлектері қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды, атап айтқанда: оқу ақысы, жатақхана, оқуға жеңілдіктер, гранттар және т.б.
Түлектерге кәсіптік бағдар беретін материалдар, брошюралар және түрлі-түсті жарнамалық буклеттер таратылды.