Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 10 сәуірде КИнЭУ Кәсіпкерлік колледжінің оқытушысы Камелов Р.Ж., колледждің «Электрмен жабдықтау» мамандығының студенттерімен бірлесе отырып, сырттай кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді.

Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы 28 бойындағы №3 мектеп-гимназиясына. Жұмыс барысында орыс және мемлекеттік тілде оқытатын тоғызыншы сынып оқушылары қамтылды.

Мектеп оқушыларына мамандықтар, оқуға қабылдау ережелері, құжаттарды қабылдау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, колледж туралы бейнероликтер мен презентация көрсетіліп, кәсіптік бағдар беру материалдары, брошюралар және түрлі-түсті жарнамалық буклеттер таратылды.

Пікір үстеу

Открыть чат