Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Бүгін 03.06.2022 ж. балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында колледж студенттері мен оқытушыларының қатысуымен тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Т.Е. Аргимбаев, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы В.А. Собарь бірлесіп бағдарлама ұйымдастырды.

Біздің оқу орнына Қостанай қаласының №6 жалпы білім беретін мектептің 4-8 сынып оқушылары шақырылды.

Бастапқыда іс-шара ҚИНЭУ акт залында өткізілді, онда колледж студенттері концерттік бағдарлама көрсетті. Студенттер шақырылған қонақтартар мен қосылып, шығармашылық, вокалдық және би қабілеттерін белсенді көрсеткен қатысушыларға шағын сыйлықтар берді. Концерт аяқталғаннан кейін балалармен біздің оқу орнымыздың дәрісханалары мен шеберханаларға экскурсия ұйымдастырылып, мамандықтармен таныстырылды және оқу орнының шеберханасында мастер-класс өткізілді.

Кездесу барысында мектеп оқушылары мен олардың сынып жетекшілері ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі туралы жағымды әсер қалдырып, іс-шараға өте риза болды.

Көптеген балалар болашақта біздің оқу орнымыздың қабырғасында оқуға ниет білдірді.

Пікір үстеу

Открыть чат